"Әкесі зорламаған": Блогер Juzzefina-ның көмекшісі оның бар былығын әшкереледі - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Әкесі зорламаған": Блогер Juzzefina-ның көмекшісі оның бар былығын әшкереледі

"Әкесі зорламаған": Блогер Juzzefina-ның көмекшісі оның бар былығын әшкереледі

Танымал блогер Juzzefina-ның көмекшісі болған Ақмарал есімді әйел ол туралы бүкіл шындықты айтты.

  • 18 Маусым
  • 525
Фото - Видеодан скрин. Коллаж - Caravan.kz

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі тікелей эфирдің бірінде айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Қай жері көгерген? Ол өз-өзін көгертуі мүмкін. Әкесі зорламаған. Ол үйінің бір қызы болғандықтан тіпті үйін де жинатпаған, оны мәпелеп ұстаған. Қайдағы зорлау», — деді әйел.

Ол сондай-ақ, әлеуметтік желідегі парақшасында Juzzefina оның жалақасын төлемегінін айтты.

«Әйелі босанып жатқан кезде бірге Таиландтта жаттық»: Белгілі блогер тікелей эфирде Заңғар Нұртас туралы айтты

«Менің атым — Ақмарал. Екі бала өсіріп отырған жалғызбасты анамын. Балаларымның бірі – аутизм диагнозы қойылған ерекше бала. Оған тұрақты түрде сабақ, ерекше көңіл бөлу және қосымша шығын қажет. Сондықтан мен көп жұмыс істеймін және тапқан әрбір теңгеме жауапкершілікпен қараймын. Наурыз айынан мамыр айына дейін блогер Жузефинамен жұмыс істедім. Ұзақ уақыт бойы бұл жағдайды көпшілікке жариялағым келмеді және соңына дейін бәрін бейбіт жолмен шешеміз деп үміттендім. Мен бірнеше рет WhatsApp арқылы Жузиге төленбей қалған жалақым туралы жаздым, бірақ ешқандай жауап ала алмадым. Бұдан бөлек, өз қаражатымнан оның жеке шығындарына шамамен 100 000 теңге жұмсадым. Бұл ақшаны кейін қайтарылады деген сеніммен қарызға алған едім, алайда ол да қайтарылған жоқ. Қазір мен тек еңбекақымсыз қалып қойған жоқпын, сонымен қатар қарызымды өзім өтеуге мәжбүрмін.

Мен бұл туралы айту үшін қандай да бір қолайлы сәтті күткен жоқпын. Керісінше, соңына дейін жауап алып, мәселені жария етпей шешемін деп үміттендім. Алайда ешқандай жауап та, мәселенің шешімі де болмағандықтан, бұл жағдайды көпшілікке жариялауға шешім қабылдадым.

Менің мақсатым – ешкімді қорлау немесе кемсіту емес. Мен тек әділдікке қол жеткізіп, адал еңбегіммен тапқан ақшамды алғым келеді. Себебі бұл оқиғаның артында тек мен ғана емес, күн сайын жауапкершілігін арқалап жүрген балаларым да тұр.

Жузи, егер осы жазбаны көрсең, байланысқа шығып, өз міндеттемелеріңді орындауыңды сұраймын.

Жоғарыда жазылғандардың барлығы нақты фактілердің баяндалуы болып табылады және оларды қолымдағы хат-хабарлармен және басқа да дәлелдермен растай аламын», — деп жазды әйел.