Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
«АЛЛА ұлық! Әдиямның аман-есен аяқ-қолын бауырына алғанына шексіз шүкірлік етемін. Құттықтауларыңыз бен ақ тілектеріңізге мың рахмет! Бізге не тілесеңіздер АЛЛА тағала өздеріңізге еселеп берсін.
Анашымды шөбересімен құттықтай келгем. «Шөбереңіздің атын өзіңіз қоясыз ба?, — десем, «Өздерің қалаған есімді қойыңдар, батамды бердім, разымын», — дейді.
Отбасымыз таңдаған 7-8 есімді бір жариялап көрейін: «Әйбике», «Әйкен», «Ақнәзік», «Бөрте», «Айым», «Әсел», «Әсем», «Әдемі», «Әдемау»… Сіздер қандай есім ұсынар едіңіздер?», — деп жазды ол.