Атыраудағы отбасы өлімі: Наурыздың басы денесінен неге ажырағанын сот сарапшысы түсіндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атыраудағы отбасы өлімі: Наурыздың басы денесінен неге ажырағанын сот сарапшысы түсіндірді

Атыраудағы отбасы өлімі: Наурыздың басы денесінен неге ажырағанын сот сарапшысы түсіндірді

Әлеуметтік желі мен БАҚ беттерінде Наурыз Мұқанғалиевтің басы денесінен ажырағаны туралы айтылған еді.

  • 18 Маусым
  • 16
Видеодан скрин

Осыған байланысты сот сарапшысы басы денесінен неге ажырағанын түсіндіріп берді, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұған дейінгі сот отырыстарының бірінде судья Зарема Хамидуллина бұл іске қоғам тарапынан үлкен қызығушылық бар екенін атап өтіп, түрлі болжамдар мен алыпқашпа әңгімелерге жол бермеу үшін мемлекеттік айыптаушыға сарапшыны сотқа шақыру туралы өтініш білдіруді ұсынған болатын.

Бүгінгі сот процесінде Наурыз Мұқанғалиев пен оның отбасы мүшелерінің мәйіттеріне сараптама жүргізген сот-медициналық сарапшы Сержан Сейдешев жауап берді. Сараптама қорытындылары жарияланғаннан кейін тараптар сарапшыға қосымша сұрақтар қою мүмкіндігіне ие болды. Бұл құқықты айыпталушы Сұлтан Сарсемалиев те пайдаланды.

«– «Наурыздың мойын тұсында және қолында қан іздері анықталды ма? Қол мен бас мәйітті жерден қазып алу кезінде денеден бөлініп кетуі мүмкін бе?» – деп сұрады айыпталушы.

Сот-медициналық сарапшының айтуынша, бастың күш қолдану арқылы бөлінгенін көрсететін белгілер анықталмаған. Оның сөзінше, мәйіт қалдықтарының жағдайы дененің ұзақ уақыт бойы жерде жатқанын көрсетеді және байқалған өзгерістер табиғи мәйіттік ыдырау процестерінің нәтижесі болып табылады.

«Бастың денеден бөлінуі мәйіттің қатты шіруі мен тіндердің ыдырауы салдарынан болған. Сонымен қатар мәйіт жатқан топырақтың жағдайы мен оны жерден алу тәсілі де әсер етеді. Терісі толықтай жойылып кеткен. Дененің кейбір бөліктерінде бұлшықет тіндері сақталған, ал кейбірінде сақталмаған. Сондықтан өлімнің нақты себебін анықтау мүмкін емес. Алайда сақталған тіндерді зерттеу барысында кемінде он пышақ жарақаты анықталды. Олардың әрқайсысы ауыр дене жарақаты санатына жатады», – деп түсіндірді сарапшы.