Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Бұл туралы Мақсот Қарабалиннің туған қарындасы кезекті сот отырысында айтты.
Оның сөзінше, Мақсот Қарабалин Ақбаянды 2022 жылы Сұлтан Сәрсемәлиевтің үйінен себепсізден-себепсіз алып кетпеген. Бұл жағдайға Ақбаянның телефон арқылы айтқан шағымы себеп болған.
«Ақбаян телефон соғып, Сұлтанды басқа әйелмен ұстап алғанын, ендігі жерде бірге тұра алмайтынын айтқан соң ғана әкесі алып кетті. Әйтпесе, әдейі араласқан ешкім жоқ», – деді ол.
Сотта сөз сөйлеген ол марқұм ағасының отбасылық мәселеге өздігінен араласпағанын айтқан.
Айта кетейік, Атырауда Қарабалиндер отбасын өлтірді деген күдікпен сол үйдің туған күйеу баласы Сұлтан Сәрсемәлиев тұтқындалған еді. Қазіргі таңда аталған оқиғаға қатысты сот отырыстары өтіп жатыр.