“Заңның талаптары бәріне бірдей екенін көрсетті”: Заңгер үш адамның өмірін қиған Zeekr жүргізушісі туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 487.01
  • 557.87
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Заңның талаптары бәріне бірдей екенін көрсетті”: Заңгер үш адамның өмірін қиған Zeekr жүргізушісі туралы

“Заңның талаптары бәріне бірдей екенін көрсетті”: Заңгер үш адамның өмірін қиған Zeekr жүргізушісі туралы

Заңгер Айгүл Орынбек үш адамның өмірін қиып, 10 жылға бас бостандығынан айырылған Zeekr жүргізушісіне берілген үкім туралы ойымен бөлісті.

  • 23 Маусым
  • 7
Фото - Жасанды интеллект

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Бақылаушы орган Прокуратура әрқашан осылай жұмыс істесе, Әділетті Қазақстанға ертерек жетер едік.

Жол көлік оқиғасына қатысты Пак 10 жылға сотталды. Үкім әлі заңды күшіне толық енген жоқ.

Дегенмен, бұл іс қоғам үшін үлкен сабақ болады. Ақшаң көп болса да, ықпалың болса да, Қазақстанда заңның үстемдігі орнай бастады деген сигнал бұл көпшілікке!

Тараптар қанша кешірім сұрап, татуласуға тырысқанымен, мемлекет заңның талаптары бәріне бірдей екенін көрсетті.

Бұл істе Алматы прокуратурасының табандылық танытып, істі соңына дейін жеткізуге ұмтылғаны оң бағалауға лайық”, — деп жазды заңгер.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандырылған сотында Александр Пакқа сот үкімі шықты. Судья оны 10 жылға бас бостандығынан айырып, өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырды.