”Ауырсыну мен азаптан ада жерде тыныштық таптың”: Ербаян Мұхтардың дәрігері жазба жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Ауырсыну мен азаптан ада жерде тыныштық таптың”: Ербаян Мұхтардың дәрігері жазба жариялады

”Ауырсыну мен азаптан ада жерде тыныштық таптың”: Ербаян Мұхтардың дәрігері жазба жариялады

Марқұм Ербаян Мұхтардың дәрігені Ұлпан Советбекқызы ол туралы жазба жариялады.

  • 24 Маусым
  • 23
Фото - instagram.com/ulpan.sovetbekovna/

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Адам баласы ауырсынумен қалай өмір сүре алады? Үнсіз төзіп, күтіп, үміттеніп, күн сайын алға қарай қадам жасап, қайтадан қорқынышсыз, шектеусіз өмірге оралуды армандайды…

Дәл осы сезімдерді мен Ербаянның көзінен әр кездескен сайын көретінмін. Оның жанарында үміт бар еді. Сауығып кетуге, болашаққа, өмірге деген үміт.

Өкінішке қарай, кеше түнде оның жүрегі тоқтап қалды.

Болған жағдайдың қайғысы мен әділетсіздігін сөзбен жеткізу өте қиын. Мен оның ғана емес, жақындарының да жан азабын көрдім. Әрбір кішкентай жетістік бізге қуаныш сыйлайтын. Біз жоспар құрдық, сендік, үміттендік. Бірақ тағдыр басқаша шешті…

Ербаян, сен өте қайсар, батыл, мейірімді әрі жарық жан едің. Сен еліміздің армияға үлкен үмітпен аттанатын көптеген жас жігіттерінің үніне айналдың. Соңына дейін күрестің және нағыз рух күшінің қандай болатынын көрсеттің.
Мен үшін сен жай ғана пациент емес едің. Күн сайынғы еңбегіміз сенің бір күні қайтадан аяққа тұрып кететініңе деген ортақ үмітпен өтетін. Өкінішке қарай, бұл арман орындалмады…

Бүгін жүрегімде үлкен бос кеңістік қалды. Сенің енді арамызда жоқ екеніңді қабылдау өте ауыр. Бірақ қазір сен ауырсыну мен азаптан ада жерде тыныштық таптың деп сенгім келеді… Құшақтадым сені», — деп жазды дәрігер.

Еске сала кетейік, Ербаян Мұхтар әскери қызмет кезінде ауыр жарақат алып, кейін ұзақ уақыт бойы емделген еді. Оның жағдайы талқыланып, үлкен резонансқа толы болған еді.