"Қайтқан адамның зиратына сурет қоюға бола ма": Нұрлан имам жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қайтқан адамның зиратына сурет қоюға бола ма": Нұрлан имам жауап берді

"Қайтқан адамның зиратына сурет қоюға бола ма": Нұрлан имам жауап берді

Көпке Нұрлан имам есімімен танылған Нұрлан Байжігітұлы желіде "Қайтқан адамның басына сурет қоюға бола ма?" деген сұраққа жауап берді.

  • 25 Маусым
  • 3
Фото: Instagram/nurlanimam.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бұл туралы имам өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Бір үйдің төрт баласы болсаңдар, үнемі бірге болыңдаршы. Екеу болса, екеуің бірігіңдер. Естелік ретінде сурет тұрмақ, мазар салғандар бар. Екі қабатты. Тіпті, пластикалық терезе қояды.

Бір-бірімен төбелесіп, соттасып, атысып, ең соңында ақыры өлгендер өліп бітті. Одан не пайда?», — деді имам.

Көпшілік оның бұл сөзіне қолдау көрсеткен.

«Нұрлан аға ештеңені қыйындатпай дінді қазақ салт дәстүрімен байланыстырып күшті етіп түсіндіретін жалғыз имам», «Енем айтатын еди. Тiрiмде кадырлемесе олген сон мрамордан мазар салсада барибир деп», «Өте дұрыс айтасыз. Бірлік болмай, тірлік болмайды. Ата-анаңды тірі кезінде сыйла. Өліп кеткен соң, оларға ештеңе маңызды емес. Тек, тиетін Құран ғана» деп жазып жатыр олар.