"Зират басына сурет қоюға бола ма": Нұрлан имам жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Зират басына сурет қоюға бола ма": Нұрлан имам жауап берді

"Зират басына сурет қоюға бола ма": Нұрлан имам жауап берді

Имам Нұрлан Байжігітұлы әлеуметтік желіде оқырманының "зират басына сурет қоюға бола ма" деген сұрағына жауап берді.

  • 26 Маусым
  • 4
Фото: instagram.com/nurlanimam.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ол көпшілікті өлгеннің емес, тірінің әбігерінде болуға шақырды.

«Бір үйдің төрт баласы болсаңдар, үнемі бірге болыңдаршы. Екеу болса, екеуің бірігіңдер. Екерткіш, сурет емес, сол бірлікте болғандарың маңызды. Естелік ретінде сурет тұрмақ, мазар салғандар бар. Екі қабатты. Тіпті, пластикалық терезе қояды.

Бір-бірімен төбелесіп, соттасып, атысып, ең соңында ақыры өлгендер өліп бітті. Одан не пайда? Бір құранға жарымай жатыр. Сендер жақсы болыңдар, ұлт үшін күйетін ұл-қыз болыңдар. Сондай ұрпақ тәрбиелеңдер. Өлгеннің емес, тірінің әбігерінде болыңыздар. Өлген адамға тек дұға, бата керек. Әулеттеріңнен жетімдер, сауатсыздар шықпау керек. Әруаққа осы маңызды. Ас берілді, ас берілмеді дегенді қойыңыздар. Шапан кимейтіндерге шапан бересіңдер. Одан не пайда?!», — деді имам.

Көпшілік оның бұл сөзіне қолдау білдірген.

«Өте дұрыс айтады Алла разы болсын», «Нұрлан аға ештеңені қиындатпай дінді қазақ салт дәстүрімен байланыстырып күшті етіп түсіндіретін жалғыз имам», «Бірлік болмай, тірлік болмайды. Ата-анаңды тірі кезінде сыйла. Өліп кеткен соң, оларға ештеңе маңызды емес. Тек, тиетін Құран ғана», — деп жазды олар.