Қазақтың санын көбейту керек дейді. Біз олай айтатын мал емеспіз - Бақытжан Бұқарбай - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақтың санын көбейту керек дейді. Біз олай айтатын мал емеспіз - Бақытжан Бұқарбай

Қазақтың санын көбейту керек дейді. Біз олай айтатын мал емеспіз - Бақытжан Бұқарбай

Саясаттанушы, баспагер Бақытжан Бұқарбай ел арасында балаға қатысты “надан ойлардың” көбейгенін айтты.

  • 29 Маусым
  • 1010
Фото: Видеодан скриншот

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ол Аман Тасығанға берген сұхбатында үйінен қалай айырылып қалғанын баяндап берді.

“Жақындарымыздың тарапынан болған опасыздық әсерінен үйсіз қалдық. Басында қабылдай алмайсың. Сол эмоцияны жеңуге 1 тәулік керек болды. Энергия шексіз нәрсе емес. Мен оны дұрыс емес шешіммен нәтижесіз нәрсеге жіберіп алуым мүмкін. Күшім не нәрсеге керек? Отбасым, бала-шағам бар. Қайтадан үйлі болуым керек. Сол үшін тез арада эмоциямды қайта қалыпқа келтіріп, өзіме жеңіл болу үшін қиянат жасаған тарапты кешірдім. Жолдасыммен отырғанда “үйге 1 жылда кіргің келе ме, 3-4 жылда ма дедім. Жауабы белгілі ғой, 1 жыл деді. “Олай болса, 10 адамның жұмысын істеп, күніне 3-4 сағат ғана ұйықтаймын, басқа жолын көріп тұрған жоқпын. Ұйқысы қанбаған адам ашулы болады, артық айтылған сөзді көтере алмай қалуым мүмкін. Сондықтан өзіңе қатысты талапты, жауапкершілікті арттыру керек болады” дедім. Сөзімде тұрдым, 1 жылда үйге кірдік. Сол 1 жылдағы тәжірибем менің ең бақытты жылым. Өйткені, әрбір минуты, секунды құнды болды”, — дейді ол.

Саясаттанушының сөзіне сенсек, оның үйін жақындары иеленіп алған.

”Жақын адамдар үйдің қағаздарын келістіріп иеленіп алып, кейін сатып жіберді. Өмірде болатын нәрсенің ақ пен қарасын бірдей қабылдайтын адаммын. Көп нәрсені бірқалыпты қабылдауға тырысамын”, — дейді ол.

Сондай-ақ, ол ел арасында жиі айтылатын “қазақтың санын көбейту керек” деген сөзге қатысты да өз ойымен бөлісті.

“Бала кезден тұңғышым қыз бала болғанын қалағанмын. Құдайдың бергені, оған қалай араласасың. Ұл берсе де, қыз берсе де бәрін бірдей сүйесің, бақытты болғанын қалайсың. Біреулер ұл тумады деп ажырасып жатады ғой, менде ондай керітартпа нәрсе жоқ. Меніңше, оның бәрі надандық. Қазақтың арасында балаға қатысты надандық жетерлік. “Қазақтың санын көбейту керек” дейді. Біз олай айтатын мал емеспіз ғой. Қазақтың сапасын көтеру керек. Тұқымың жалғасу керек дейді. Қыз арқылы жалғаспай ма? Сенің генің қызда бар. Ол бәрібір де қазақтың тұқымын жалғайды. Сен өзің әсер ете алмайтын нәрсеге алаңдаудың қажеті жоқ. Мен ықпалым қай жерге дейін тарайды сондай мәселелермен айналысқанды, энергиямды соған жұмсағанды ұнатамын”, — дейді Бақытжан Бұқарбай.