"Бәрі сол кезден басталған": Актриса Фариза Ескермес орыс күйеуі туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бәрі сол кезден басталған": Актриса Фариза Ескермес орыс күйеуі туралы

"Бәрі сол кезден басталған": Актриса Фариза Ескермес орыс күйеуі туралы

Танымал актриса, көпшілікке "Нұрикамал" ролімен танылған Фариза Ескермес орыс күйеуі туралы ел білмейтін естелігімен бөлісті.

  • 30 Маусым
  • 6
Фото: Instagram/fariza_yeskermes

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Туған күніңмен, Андрей! Қарашы, мынау біздің алғашқы суреттеріміз. Бәрі дәл сол сәттен басталған еді. Ал қазір мен сенің жарыңмын, өзің армандағандай.

Сені қатты жақсы көремін және әрқашан жаныңнан табыламын! Бүгін барлық армандарыңды тіле, олардың бәрі міндетті түрде орындалады!

Әлемдегі ең керемет күйеуім, туған күнің құтты болсын!», — деп жазды ол.

Оқырмандар актриса мен оның күйеуіне жылы тілектерін жаудырған. «Неге «ҚАЗАҚ ЖІГІТ ТАБЫЛМАДЫ МА?»-дей береді осы? Қараңыздаршы, Фаризаның көзінің отын сөндірмей, бойындағы талантын тұншықтырмай, әрдайым қасында болып қолдау білдіріп, күннен күнге құлпыртып жүрген осы жары емес пе? Әйтпесе тұрмысқа шыққаннан кейін өнерін аңсап, тасада қалып қалған талантты қыздарымыз баршылық қой. Оданда тек бақыт тілейік те», «Біздің Фариза қызды еркелетіп, айтқанын істеп, көңілін тауып, алақанында аялап өтсін!» деп жазып жатыр олар.