Бұл туралы ол оқырманына жауап беру кезінде айтты, / деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Дін маманы “күйеуін қаламайтынын” айтқаны әйелді қатаң сынға алды.
”Ауырып тұрмасаңыз, етеккір болмасаңыз төсектен бас тарту — ауыр күнә. Өкінішке қарай, қазір көпшілік әйелдерде осы проблема. Күйеуін жанына жолатпайтын әйелдер өте көп. Дайректке маған ер адамдардан осындай хаттар ағылып келеді. Күйеуі асырап жатыр, баспана, киім-кешегін беріп отыр, бірақ әйелі өзі қаламағандықтан жақындаспайды. Сөйте тұра басқа әйел алам десе қарсы болады. Баламен манипуляция жасайды. Бейшара еркек соңында қолын қатын қылады. Әйелдер қауымы! Құдайдан қорқыңдар! Еркегіңіз мұндай жағдайда мазлұм, ал сәз залымсыз! Залымның дұшпаны — Алла! Ақысын бере алмайсыз ба, ажырасып баланы қалдырып өз жөніңізбен кету керек”, — деп жазды Данияр Кенжеұлы.

Threads желісінің оқырмандары дін маманының бұл пікірін қатаң сынға алды.

