Қазақстанда доллар 9 теңгеге дейін қымбаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда доллар 9 теңгеге дейін қымбаттады

Қазақстанда доллар 9 теңгеге дейін қымбаттады

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өзгерді.

  • 13 Шiлде
  • 1
Фото - Caravan.kz

Қазақстанда 13 шілдедегі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы белгілі болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 8,94 теңгеге көтеріліп, 477,11 теңге болды. Ұлттық банктің 13 шілдедегі ресми бағамы долларға 464,71 теңге деңгейінде белгіленген.

Алматыдағы ақша айырбастау пунктеріндегі доллардың орташа бағамы

  • сатып алу – 471,83 теңге;
  • сату – 474,65 теңге.

Астанадағы ақша айырбастау пунктеріндегі доллардың орташа бағамы

  • сатып алу – орташа есеппен 471,08 теңге;
  • сату – 478,08 теңге.

Еске сала кетейік, 1 шілдеден бастап Ұлттық банк «айналау» тетігін енгізді. Ол ірі біржолғы операциялардың орнына Ұлттық қордан валютаны кезең-кезеңімен сатуды көздейді. Ұлттық банк бұл шара бюджеттік трансферттердің валюта нарығына әсерін бәсеңдетуге, теңге бағамының динамикасын тұрақты етуге және бағамның күрт құбылуын болдырмауға мүмкіндік береді деп есептейді.