“Кәсіби мамандар бару керек”: Абзал Құспан Құрылтай сайлауы туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Кәсіби мамандар бару керек”: Абзал Құспан Құрылтай сайлауы туралы

“Кәсіби мамандар бару керек”: Абзал Құспан Құрылтай сайлауы туралы

Танымал заңгер Абзал Құспан Құрылтай сайлауының саяси маңызына тоқталып, қоғамда сайлау мәдениеті біртіндеп қалыптасып келе жатқанын айтты. 

  • 13 Шiлде
  • 7
Фото: Видеодан скрин

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Экс-Мәжіліс депутаты “Abay live” ютуб арнасына берген сұхбатында Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси кезеңнің басталуын айқындайтын маңызды науқан болатынын айтты.

“Тәуелсіздік алған жылдары біз ақыл тоқтатқан, саналы азаматтардың қатарында болдық. Жоғары сыныпта оқып жүрдік. Сайлау туралы әңгімені еміс-еміс естіп жүрдік. Студенттік кезде тіпта сайлау істеріне араластық. Меніңше, сайлаушылардың талабы да, сайлау мәдениеті де біз ойлағандай деңгейде болмаса да көтеріліп келе жатыр. Бұл — жаңа Конституция күшіне енгеннен кейінгі алғашқы саяси дода болғалы тұр. 30 жылдық Мәжіліс тарих қойнауына кетті. Біз сол тарихи кезеңнің соңғы буынымыз. Жаңа саяси кезең басталғалы жатыр. Бір дегеннен біз қалағандай болмайды. Дау-дамай болады. Барлық елге тән дүние.

Біз партиялардың бағдарламасына назар аударып үйренуіміз керек. Саяси сарапшылар, заңгерлер, экономисттер сол бағдарламалар туралы сараптамалық пікірлерін ортаға салу керек. Пікірталас осы төңіректе болса, біздің саяси мәдениетіміздің көтерілгеннің белгісі болар еді. Ол — болашақтың еншісінде қалатын дүние. Қоғам үлкен, оның ішінде түрлі топтар бар. Жеке тұлғаларды пайдаланып, партиялар өздерінің бар екенін, бағдарламаларын көрсетеді”, — дейді ол.

Сондай-ақ, ол “Құрылтай құрамына әртістер мен блогерлердің емес, кәсіби мамандардың барғаны жөн” деген пікірмен келісетінін де жасырмады.

“Мен “қоғам әртістер мен блогерлерді Құрылтайдан көргісі келмейді” деген пікірмен келісемін. Оның үстіне Парламентте жұмыс істеген депутат ретінде осы ойды қолдаймын. Қоғам мені заңгер ретінде біледі. Мен сынаушылар тарапынан болдым. Сынау — оңай. Кейде тіпті мәселенің тереңіне бойламай-ақ, сынайсың да кете бересің. Ал шешім қабылдайтын жерге барғанда шешім шығару 10 есе күрделі болды. Заңды жазу бір бөлек, орындалуы бір бөлек. Кәсіби мамандар бару керек. Ол — қоғамның сұранысы”, — дейді заңгер.