Алайда уақыт өте келе оны сүруге мәжбүр болған, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.
Кәсіпкер оқиға туралы өз шындығын айтты.
«1 250 мың теңге, осындай ақшаны мен бір жыл бұрын ойын алаңында баласы жарақаттанған балаға төлеп беруім тиіс. Тексеру барысында баланың әткеншектерді мақсатсыз пайдаланғаны белгілі болды.
Куәгерлердің айтуынша, ол биікке қарай шыға бастаған. Біреу түсіп бара жатқан, ал мына бала оған қарсы шығып бара жатқан. Салдарынан бала құлап, жарақат алған. Ал оқиғаның шынында қалай болғаны белгісіз, себебі камера, ештеңе жоқ.
Міне, көрсеңіздер, кірпіш те, баллон да, бәрі жатыр. Оның бәрін балалардың өздері алып келген шығар. Сөйтіп, қылмыстық іс қозғалды, оны жауып тастады. Одан кейін әкімшілік іс қозғалды. Баланың анасының адвокатының ақшасын төлеу үшін. Ол 2,5 млн теңгеден артық соманы құрады. Бір жылдан астам уақыт бойы сот отырыстары өтті.
Іс біресе тоқтап, біресе қайта ашылып жатты. Бүгін сот шешімі бойынша, 4 жауапкердің ішінде мен және білім басқармасы 2,5 млн теңге төлеуі тиіс болған. Бізде міне осылай, ешкімнен ештеңе сұрамайсың, адамдарға жақсылық жасайсың, бірақ олардың ішінде адам еместері де бар», — деді кәсіпкер.