Оның сөзі өзбек БАҚ арасында қызу талқыланып, желіде қызу пікір-талас тудырып жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz.
Sportbugin.kz сайтының мәліметінше, Еділов өз мәлімдемесінде Қазақстан футболының даму бағыты дұрыс екенін айтып, «Қазақстан құрамасының әлем чемпионатына шығуға мүмкіндігі бар, ал Өзбекстан клубтары УЕФА Чемпиондар лигасында өнер көрсете алмайды» деген пікір білдірген.
Бұған жауап ретінде өзбек басылымы қазақстандық функционердің сөзімен келіспейтінін жеткізді.
Басылымның жазуынша, елдер қай құрлықтың футбол конфедерациясына мүше болатынын өздері таңдамайды. Сонымен қатар, қазақстандық клубтардың да еурокубоктарда әзірге елеулі жетістікке жете қоймағаны айтылған.
Сондай-ақ, өзбек басылымы «Өзбекстанда Қазақстан футболы өте сирек талқыланады. Ал Қазақстанда Өзбекстан футболының жетістіктеріне қызғанышпен қарайды. Өзбекстан құрамасы әлем чемпионатына жолдама алғаннан кейін көптеген қазақстандық және ресейлік сарапшылар оны өз құрамаларымен салыстырып, сын айтуға асықты. Алайда бүгінде әлем чемпионатына Қазақстан да, Ресей де қатыспады», — деп жазды.