Алматыда жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

Алматыда жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

2026 жылғы 24 шілдеде сағат 15:00-де Алматы қаласындағы Almaty Arena кешенінде (мекенжайы: Алматы қаласы, Алатау ауданы, Нұркент шағын ауданы, 7) жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді.

  • 14 Шiлде
  • 18
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Іс-шара Алматы қаласы әкімдігі мен Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қолдауымен Алматы қаласының Еңбек мобильділігі орталығы ұйымдастырады.

Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер арасында тиімді байланыс орнату, қала тұрғындарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек нарығындағы өзекті бос жұмыс орындары туралы ақпарат беру.

Іс-шараға экономиканың түрлі салаларынан 100-ден астам жұмыс беруші қатысып, 400-ге жуық вакансия бойынша 2 000-нан астам жұмыс орнын ұсынады. Қатысушылар жұмыс берушілермен тікелей кездесіп, бос жұмыс орындары туралы ақпарат алып, еңбек жағдайлары, еңбекақы деңгейі, әлеуметтік кепілдіктер және кәсіби даму мүмкіндіктері жөнінде толық мәлімет ала алады.

Жәрмеңке барысында келушілерге жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, кәсіптік оқыту бағдарламалары және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша кеңестер беріледі.

Жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі – бірнеше жұмыс берушімен бірден сұхбаттасып, өз біліміне, тәжірибесіне және кәсіби қызығушылықтарына сәйкес келетін жұмыс табуға мүмкіндік беретін тиімді алаң.

Қатысу тегін. Жұмыс берушілермен кездесуді тиімді өткізу үшін қатысушыларға өздерімен бірге түйіндеме алып келу ұсынылады.

Өтетін күні: 2026 жылғы 24 шілде
Уақыты: 15:00
Өтетін орны: Алматы қаласы, Алатау ауданы, Нұркент шағын ауданы, 7, Almaty Arena кешені.

Алматы қаласының тұрғындарын жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысуға шақырамыз!