Доллар күрт арзандады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Доллар күрт арзандады

Доллар күрт арзандады

Қазақстандағы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың теңгеге шаққандағы бағамы белгілі болды

  • 14 Шiлде
  • 2
Фото: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 7,45 теңгеге төмендеп, 468,88 теңге болды. Ұлттық банктің 14 шілдедегі ресми бағамы — 477,11 теңге.

Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар бағамы

  • сатып алу – 469,35 теңге;
  • сату – 472,44 теңге.

Астанадағы ақша айырбастау пунктерінде доллар бағамы

  • сатып алу – орта есеппен 468,03 теңге;
  • сату – 475,03 теңге.

Бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша теңгенің долларға шаққандағы бағамы 5,1 пайызға нығайғанын мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, бұған мына факторлар ықпал етті:

  • қалыпты қатаң ақша-несие саясаты,
  • бейрезиденттердің Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздарына деген жоғары сұранысы,
  • үкімет пен Ұлттық банктің инфляцияны төмендету жөніндегі бірлескен шаралары,
  • қолайлы сыртқы конъюнктура.