Қазақстан экономикасы жарты жылда 4,1%-ға өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+35 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан экономикасы жарты жылда 4,1%-ға өсті

Қазақстан экономикасы жарты жылда 4,1%-ға өсті

Биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасы 4,1%-ға өсіп, негізгі серпін мұнайға тәуелді емес секторлар есебінен қамтамасыз етілді

  • 15 Шiлде
  • 2
фото: Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Үкіметтің мәліметінше, нақты сектордағы тауар өндірісі 5,1%-ға, ал қызмет көрсету саласы 3,5%-ға ұлғайған.

Салалар арасында ең жоғары өсім құрылыс саласында тіркеліп, көрсеткіш 15,2%-ға жетті. Өңдеу өнеркәсібі 9,8%-ға, көлік қызметтері 7,1%-ға өсті. Сонымен қатар сауда (+5,7%), ауыл шаруашылығы (+4,4%) және байланыс қызметтері (+4,3%) оң серпін көрсетті.

– Биылғы бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша Қазақстанның жалпы ішкі өнімі мұнайға тәуелді емес секторлардың орнықты дамуы нәтижесінде 4,1%-ға өсті. Аталған негізгі салалардың жиынтық үлесі республикадағы ЖІӨ өсімінің шамамен 85%-ын қамтамасыз етті, – делінген Үкіметтің ақпаратында.

Әлеуметтік салада да оң өзгерістер байқалды. Өткен жылғы төмендеуден кейін халықтың нақты табысы биылғы бірінші тоқсанда 0,1%-ға өсті. Бұған маусым айында жылдық инфляцияның 10,3%-ға дейін баяулауы әсер еткен.

Экономикалық өсімнің басты драйверлерінің бірі инвестициялық белсенділік болды. Бірінші жартыжылдықта негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 9,6%-ға артты. Жалпы инвестиция құрылымындағы жеке капиталдың үлесі 87%-ға жетті.

Ақпарат және байланыс саласына тартылған инвестициялар 2,3 есеге көбейсе, құрылысқа салынған инвестициялар 38,7%-ға, өңдеу өнеркәсібіне 33,3%-ға, ауыл шаруашылығына 24,6%-ға, көлік саласына 11,6%-ға өсті.

– Ішкі сауда көлемі бірінші жартыжылдықта 15,3%-ға өсіп, 36,2 трлн теңгеге жетті. Қаңтар–мамыр айларында елдің сыртқы сауда айналымы 56,3 млрд долларды құрады. Нәтижесінде 4,4 млрд доллардан асатын тұрақты оң сауда балансы сақталды. Сонымен қатар шикізаттық емес тауарлар мен қызметтер экспорты 14,6%-ға өсіп, 14,9 млрд долларға жетті, – деп мәлім етті Үкімет.