Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Блогер өз шындығымен желідегі парақшасында бөлісті.
«Менің миыма тыныштық жоқ. Онсыз да ұйқым тыныш емес, оның үстіне Алан да түнімен ұйықтамай қояды. Кейбіреулер кездесуге келмейді деп ренжіп жатады. Мен бармаймын, бара алмаймын өйткені.
Себебі, ми ешқашан демалмайды. Мені ешқайда шақырмаңыздар. Ешқандай кездесу, ешқандай отырысқа мен бара алмаймын. Не ниетім, не уақытым, не энергиям да жоқ екен», — деп жылап жауап берді блогер.
Айта кетейік, блогер отбасында ерекше бала тәрбиеленіп жатыр. Көпшілік оның бұл жағдайын оның ерекше баласымен байланыстырған.