”Варламов Қазақстанды қаралау үшін тапсырыс алған” - Заңгер - kaz.caravan.kz
  • $ 469.59
  • 536.22
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Варламов Қазақстанды қаралау үшін тапсырыс алған” - Заңгер

”Варламов Қазақстанды қаралау үшін тапсырыс алған” - Заңгер

Заңгер Нұрсұлтан Орынбек жақында ғана Қазақстандағы зорлық-зомбылық туралы фильм түсірген ресейлік журналист Илья Варламов әлдебір адамдардың “тапсырмасын алғанын” айтты.

  • 21 Шiлде
  • 15
Фото - видеодан скрин. Коллаж - Caravan.kz

Бұл туралы ол “Adal Adam” YouTube арнасына берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Эпицентр” деген үлкен қате нәрсе және бұл біз ойланатын нәрсе. Не үшін мұндай айып тағылды? Бұл тікелей айып қой. Салыстырмалы анализсіз, ғылыми негізсіз “эпицентр” деп бізге айып тағып тұр, Қазақстанды. Бұл өте ойланатын нәрсе. Иә, жасырмаймыз зорлық-зомбылық бар, Ресейде де, Өзбекстанда да, Қырығызстанда да бар. Бұл жерде фактілерді берген, бірақ обьективті қорытынды берілмеген. Мен бұны арнайы тапсырыспен берілген жұмыс деп айта аламын”, — деді заңгер.

Сондай-ақ, заңгердің болжамы бойынша ресейлік блогер осы фильмі үшін “55 мың долларға тапсырыс алған” болуы мүмкін.

“Мынау Варламовтың сайты, ашықдереккөзден алынған. Қандай да бір тақырыпты, арнайы жасағыңыз келсе Варламовқа жүгіне аласыз. Біз арнайы жоба деп айттық қой. Арнайы жоба түсіру үшін 55 600 $ төлеу керек. Біздің есеппен 25-30 миллион теңгедей. Тікелей айыптап тұрған жоқпын, бірақ ашық дереккөзде осылай жазылған”, — деді Нұрсұлтан Орынбек.