Америкада қазақ ата немересінен әпшу сұрағаны үшін полиция бөлімшесінен бір-ақ шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 469.59
  • 536.22
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Америкада қазақ ата немересінен әпшу сұрағаны үшін полиция бөлімшесінен бір-ақ шықты

Америкада қазақ ата немересінен әпшу сұрағаны үшін полиция бөлімшесінен бір-ақ шықты

Америкада жүрген қазақ ата немересінен әпшу сұрағаны үшін полиция бөлімшесінен бір-ақ шықты.

  • 22 Шiлде
  • 171
Фото - Жасанды интеллект

Бұл туралы Америкада тұратын қырғызстандық блогер Эльнура Молдоқадырова Instagram-дағы парақшасында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Қазақ пен қырғыздарда бір дәстүр бар, Америкада бұл үшін тұтқындалуың мүмкін. Өмірде болған жағдай. Полиция бөлімшесіне қазақ ата жеткізілген. Одан “неге әпшуін сұрадыңыз” деп сұраған. Қазақ пен қырғыздарда “әпшу бер” деген дәстүр бар. Немересі балабақшаға келіп осы жағдайды тәрбиешесіне айтады. Тәрбиешілер таң қалып полицияға хабарлайды. Келесі күні полицейлер келіп атаны бөлімшеге алып кетеді. Атадан неге олай жасағынын сұрайды, атаның баласы осындай дәстүр бар екенін түсіндіріп, сосын барып оны босатады”, — деді блогер.