"Өзіңді қадірлеп, таңдау жасауды үйретті": Ерке Есмахан Баян Алагөзова туралы бар шындықты айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Өзіңді қадірлеп, таңдау жасауды үйретті": Ерке Есмахан Баян Алагөзова туралы бар шындықты айтты

"Өзіңді қадірлеп, таңдау жасауды үйретті": Ерке Есмахан Баян Алагөзова туралы бар шындықты айтты

Әнші Ерке Есмахан көп жыл бұрын Баян Алагөзованың тәрбиесінде болғанын жеткізіп, өткен өмірінен сыр шертті.

  • 23 Шiлде
  • 10
Фото: Instagram/erke_esmakhan

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Танымал әнші Ерке Есмахан продюмер Баян Алагөзова туралы бұрын айтылмаған құпиясымен бөлісті. Айтуынша, продюсердің әншінің жеке шығармашылық өмірінде алған орны зор болған.

«Қыз бала ретінде әдемі сөйлеуді, талғаммен киінуді, өзіңді қадірлеуді, таңдау жасауды, саналы ересек әрі лайықты ұстауды көрсетті.

Баян Мақсатқызы тек менің ғана емес, бүкіл қазақ сахнасында жарқырап жүрген талай қыздың бағын ашқан, талай талантты жолын қалыптастырған үлкен продюсер.

Сіздің жас буынға да, алдыңғы буынға да сіңірген еңбегіңіз ұшан-теңіз. Алла деніңізге саулық, ғұмырыңызға береке берсін.

Қыздарыңыздың қызығын көріп, әрдайым елдің ықыласы мен құрметіне бөлене беріңіз! Өміріңіз ұзақ болсын! Мен сізді жақсы көремін, сізді сыйлаймын, құрметтеймін. Феноменсіз ғұмыр», — деп жазды ол.