«Таза Қазақстан»: ШҚО-да 120-дан астам қоқыс үйіндісі анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 476.07
  • 541.86
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Таза Қазақстан»: ШҚО-да 120-дан астам қоқыс үйіндісі анықталды

«Таза Қазақстан»: ШҚО-да 120-дан астам қоқыс үйіндісі анықталды

Шығыс Қазақстан облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 6 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

  • 27 Шiлде
  • 4
Фото: видеодан скрин

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған республикалық экологиялық акция аясында тәртіп сақшылары абаттандыру ережелері мен қоғамдық тәртіптің сақталуын қатаң бақылауға алды.

— Өңір көшелерінде күн сайын тексерулер жүргізіліп, бейнебақылау камералары мен заманауи мониторинг жүйелері пайдаланылып жатыр. Осы жылдың басынан бері 6 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде 4,8 мыңға жуығы аумақтарды абаттандыру ережелерін бұзуға қатысты болса, тағы бір мыңнан астамы жалпы пайдалану орындарын ластауға байланысты, — делінген ақпаратта. 

Сонымен қатар облыс аумағында 120-дан астам рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері анықталып, әрбір факті бойынша тиісті шаралар қабылданды.