Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Бұл туралы ол журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында мәлімдеді.
«Миллион доллар тауып, өзіме пәтер сатып алсам. Бірақ мен оған, сондай байыппен қараймын. Болса болды, болмаса болмады дегендей. Мысалы, өз баспанаң болса дейсің, бірақ ол да сенің миыңдағы ойды белгілі бір мөлшерде шектейді ғой?
Мысалы, өз баспанаң болмаса да, анда-мында көшіп жүре беруге болады ғой? Пәтерді жалға алып та, тұра беруге болады. Әлемде солай тұрып жатқандар қаншама. Алып жатсақ тағы көреміз, пәтер ала алмасам тағы дегендей.
Ешқашан өзімді ойламаппын. Әртістермен жұмыс істеген уақытта, өзімді ойламай, ақшаны әртістерге жұмсай беріппін. Біз бүкіл командамен жылына бір рет міндетті түрде Тайландқа баратынбыз. Басында «Ringo», сосын «Ayumi» қосылды, сосын олардың әйелі, балалары қосылды дегендей.
Біз осылай 13 жыл қатарынан каникулға бардық. Мен оларға көп ақша жұмсаппын, өзімді үнемі соңына қоятынмын. Оның бәрін карантинде, түксіз қалғанда түсіндім», — деді продюсер.