Армения премьер-министрі Пашинян отставкаға кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 473.59
  • 544.68
+38 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Армения премьер-министрі Пашинян отставкаға кетті

Армения премьер-министрі Пашинян отставкаға кетті

Армения премьер-министрі Никол Пашинян 9-шақырылымдағы Ұлттық жиналыстың алғашқы отырысы өткен күні, 2 тамызда, отставкаға кетті. Бұл ел Конституциясында қарастырылған.

  • 2 Тамыз
  • 2
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Негізгі заңға сәйкес, жаңа шақырылымдағы парламенттің алғашқы сессиясының бірінші күнінде премьер-министр бастаған үкімет отставкаға кетеді. Алайда жаңа үкімет құрамы жасақталғанға дейін министрлер кабинеті өз міндеттерін атқаруды жалғастырады, деп жазады «Спутник Армения».

Жаңа парламенттің өкілеттігі күшіне енгеннен кейін президент биліктегі фракцияның ұсынысы бойынша премьер-министрді тағайындайды.

Бұған дейін, 30 шілдеде Никол Пашинян үкіметтің бұрынғы құрамдағы отырысы соңғы рет өтетінін мәлімдеген еді. 7 маусымда өткен парламент сайлауында Пашинян жетекшілік ететін биліктегі «Азаматтық келісім» партиясы жеңіске жетіп, жаңа үкіметті өз бетінше жасақтау құқығына ие болды.