2026 жылғы шілдеде Enbek.kz электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер 104,6 мың бос жұмыс орнын, ал жұмыс іздеушілер 141,2 мың түйіндеме жариялады.
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады, — деп жазады Informburo.kz
Маусым айымен салыстырғанда бос жұмыс орындарының саны 3,8%-ға азайса, түйіндемелер саны 11,5%-ға өскен. Министрлік мұны жаз мезгілінде оқу орындары түлектерінің еңбек нарығына жаппай шығуымен байланыстырды.
Шілде айында жұмыс берушілер ең көп қызметкерді мына салалардан іздеген:
білім беру – 23,4 мың бос жұмыс орны;
қызмет көрсету саласы – 16 мың;
денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер – 10,3 мың;
ауыл, орман және балық шаруашылығы – 8,2 мың;
өңдеу өнеркәсібі – 6,8 мың;
құрылыс – 5,7 мың.
Өңірлер бойынша ең көп бос жұмыс орны:
Астана – 8,8 мың;
Түркістан облысы – 7,6 мың;
Павлодар облысы – 7,1 мың;
Алматы қаласы – 7 мың;
Ақмола облысы – 6,9 мың.
Жұмыс берушілердің сұранысында орта білікті мамандар басым болды. Олар барлық бос жұмыс орындарының 38,8%-ын құрады.
Данный текст скопирован с сайта Informburo.kz
https://informburo.kz/kaz/newskaz/qazaqstanda-sildede-141-mynnan-astam-adam-zumys-izdedi-en-kop-suranys-qai-salalarda-boldy