Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлерінің тізімі шықты.
Бұған дейін мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия өз жұмысын аяқтаған болатын. Конкурсқа қатысу үшін биыл 127 мыңнан астам өтініш қабылданғанын жаздық.
Еске салайық, биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуге шамамен 233 мың талапкер қатысып, олардың 76 пайызы шекті балл жинап, мемлекеттік білім беру гранттары конкурсына қатысу мүмкіндігіне ие болды.