Мемлекет басшысы Сингапур Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 465.08
  • 536.52
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы Сингапур Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Сингапур Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Тарман Шанмугаратнам мен оның отандастарын Сингапурдың ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

  • 9 Тамыз
  • 5
Фото: Ақорда

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақордаға сілтеме жасап хабарл

Президент жеделхатта бұл мереке Сингапур халқы үшін ұлттық бірліктің, мемлекет дербестігінің және орнықты дамудың айшықты белгісі ретінде ерекше мәнге ие екенін атап өткен. Сонымен қатар Қазақстан мен Сингапур арасындағы достық пен өзара түсіністікке негізделген сан қырлы ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында ұдайы дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тарман Шанмугаратнамның жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Сингапур халқына құт-береке тіледі.