"Көрші, нағашы, жиен тоғыз деп бір көлік зат әкеледі": Блогер оңтүстік өңірлердегі тойдағы ысырапшылдық пен дарақылық туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 465.08
  • 536.52
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Көрші, нағашы, жиен тоғыз деп бір көлік зат әкеледі": Блогер оңтүстік өңірлердегі тойдағы ысырапшылдық пен дарақылық туралы

"Көрші, нағашы, жиен тоғыз деп бір көлік зат әкеледі": Блогер оңтүстік өңірлердегі тойдағы ысырапшылдық пен дарақылық туралы

Танымал блогер Мөлдір Анарбаева тойдағы ысырапшылдықты қатаң сынға алып, халықты жаңа дәстүрді шығармауға шақырды.

  • 10 Тамыз
  • 47
Фото: Instagram/moldir_anarbaeva

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасныда мәлімдеді.

«Тойдың көди-сөдиін көбейтіп, үйленуді қиындатпайық деп айтып жатырмыз. Ешкім тыңдамайды, аузыңды жап та тыныш отыр, балаңа келген кезде көреміз деп жазып жатыр. Ал, мақұл, «кәдесіз қыз болмайды» дейді. Мақұл, қалың малын бер, сүт ақысы дегенді шығарып алдыңдар, жарайды оны да бер. Одан кейін «әке күші» деген шықты.

Оңтүстікте «тоғыз» деген бар. Ол «тоғызды» көбейтіп отырған сол үйдің жекжаттары мен дос-жарандары. Достары тойға қосыламыз деп, «тоғыз» жасап береді екен.

Жоқ дүниені салт-дәстүрді қосып жатырсыңдар. Оны қосып жатқан әйелдер, оңбайсыңдар. Той иелеріне көмектесін дп отырсың, одан кейін не істеріңді білмей, ішің пысып отыр, содан осындайларды шығарып отырсыңдар. Ол аздай жеңге «тоғыз» дегенді шығарыпты біз жақта. Көрші тоғыз, нағашы, жиен тоғыз деп бір көлік қытайдың затын апарыңдар. Сонда «құдалар керемет, тоғыздың түр-түрімен әкелді» деп сөзге семіресіңдер. Біз сөзге семіретін халықпыз ғой. Бізге аналардың бақыты, өмірінен бұрын сөз керек», — деп күйінді блогер.