"Негатив жазбаңдар": Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер Қажет Смағұл елге ескерту жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 465.08
  • 536.52
+36 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Негатив жазбаңдар": Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер Қажет Смағұл елге ескерту жасады

"Негатив жазбаңдар": Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер Қажет Смағұл елге ескерту жасады

Өнер иесі сүйінші жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

  • 10 Тамыз
  • 15
Фото: Instagram./kajet_smagul/

Актер өзінің желідегі оқырмандарына ескерту жасады.

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ол 8 тамызда жұбайымен және сәбиімен бірге түскен суретін жариялады. Алайда ол әзірге нәрестенің жынысы мен есімін көпшілікке айтқан жоқ. Отбасы мүшелерінің жүзін де эмодзимен жауып қойған.

Актер 50 жасында алғаш рет әке атанғанын жазды.

“50 жаста балалы болған керемет екен, отбасым толықты. Негатив жазбаңыздар”, – деп жазды ол.

Алайда актердің әке атанғаны туралы жазбасының астында құттықтаулармен қатар жағымсыз пікірлер де жазылған. Қажет Смағұлов оқырмандарынан теріс пікір қалдырмауды алдын ала өтінгенімен, кей қолданушылар сын айтқан.