Қытайда құрамында германий мөлшері жоғары жаңа минерал табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 465.08
  • 536.52
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайда құрамында германий мөлшері жоғары жаңа минерал табылды

Қытайда құрамында германий мөлшері жоғары жаңа минерал табылды

Қытай ғалымдары құрамындағы германий оксидінің орташа мөлшері 72 пайызға жететін жаңа минерал тапты. Ол Қытайда анықталған әрі Халықаралық минералогиялық қауымдастық ресми түрде мойындаған алғашқы дербес германат минералы болды

  • 12 Тамыз
  • 1
Фото: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңалықтың басты ерекшелігі — германийдің минерал құрамында дербес түрде кездесуі. Табиғатта мұндай металл сирек кездеседі және әдетте қорғасын-мырыш кендері мен көмір кен орындарында ілеспе элемент ретінде болады.

Германий — стратегиялық маңызы бар сирек металл. Ол жартылай өткізгіштер, талшықты-оптикалық жүйелер, инфрақызыл оптика, күн элементтері және басқа да жоғары технологиялық өнімдер өндірісінде қолданылады.

Жаңа минералды Чанъань университетінің мамандары Қытай ғылым академиясының Гуанчжоу геохимия институты, Геохимия институты және басқа да ғылыми ұйымдардың зерттеушілерімен бірлесіп анықтаған. Ғалымдар 2023 жылдан бастап Қытайдың Сычуань провинциясындағы Усыхэ қорғасын-мырыш кен орнында жүйелі минералогиялық зерттеулер жүргізген.

2026 жылғы тамызда жаңа минерал Халықаралық минералогиялық қауымдастықтың Жаңа минералдар, номенклатура және жіктеу жөніндегі комиссиясы тарапынан ресми түрде мақұлданды.