"Ешкімнің сен туралы айтқан сөзіне сенбе": Әнші Айдана Меденова бала күнінен буллингке ұшырағанын мәлімдеді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.02
  • 536.18
+37 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ешкімнің сен туралы айтқан сөзіне сенбе": Әнші Айдана Меденова бала күнінен буллингке ұшырағанын мәлімдеді

"Ешкімнің сен туралы айтқан сөзіне сенбе": Әнші Айдана Меденова бала күнінен буллингке ұшырағанын мәлімдеді

Танымал әнші Айдана Меденова өзінің желідегі парақшасында өміріндегі қиындықтарды көрсететін видео жариялады.

  • 17 Тамыз
  • 1
Фото: Instagram/aidanamedenova_officialpage

Айтуынша, оның бойындағы өнерге алғашынде ешкім сенбеген, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Әнші бала күнінен буллинг көргенін жасырмады. Айтуынша, оның өнеріне бастапқыда ешкім сенбеген. Ол, тіпті сыртқы келбетіне де қатысты буллинг көрген.

Десе де, қиындықтарға қарамастан, бүгінде ол өнерде өз орнын тапқанын жеткізген.

«Ешкімнің сен туралы айтқан сөзіне сеніп, өзіңнен алыстама. Бір күні ішіңдегі кішкентай балаға қайта оралып, оны құшақтап, қабылдайтын адам — өзің бол», — деп жазды ол.

Айта кетейік, әнші жақында хиджабын шешкенін мәлімдеген еді.