Қырғызстан Энергетика министрлігі Алматыдағы блэкаутқа қатысты мәлімдеме жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.02
  • 536.18
+37 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан Энергетика министрлігі Алматыдағы блэкаутқа қатысты мәлімдеме жасады

Қырғызстан Энергетика министрлігі Алматыдағы блэкаутқа қатысты мәлімдеме жасады

Қырғызстанның Энергетика министрлігі Алматыдағы блэкаутқа қатысты мәлімдеме жасады.

  • 17 Тамыз
  • 1
Фото - Caravan.kz

Қырғызстанның Энергетика министрлігі Алматыдағы блэкаутқа қатысты мәлімдеме жасады. Ведомство жарықтың жаппай өшуі Тоқтоғұл ГЭС-індегі гидрогенераторлардың істен шығуынан болды деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Қырғызстанның Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Таратылған мәлімдемеға сәйкес, технологиялық ақаудан кейін республика энергетиктері «жұмыс режимін тұрақтандыру үшін шұғыл қажетті шараларды қабылдап, қысқа мерзімде Орталық Азияның Бірыңғай энергетикалық жүйесіндегі (БЭЖ) жиілікті қалыпты көрсеткіштерге дейін қалпына келтірген». Сондай-ақ Қырғызстанның энергия жүйесі сол сәтте көрші мемлекеттерге 250 МВт шамасында қуат беру арқылы көмек көрсеткені хабарланды.

«Алматы энергия торабының сөнуі БЭЖ-дегі жиілік номиналды көрсеткішке жеткеннен кейін болған. Бұл ретте технологиялық ақаудың мән-жайын анықтау барысында Тоқтоғұл ГЭС-інің екі гидрогенераторының қысқа мерзімді ажырауы анықталған. Бұл Орталық Азияның параллельді жұмыс істейтін Бірыңғай энергетикалық жүйесіндегі бастапқы іркіліске себеп болып, қуат ағындарының өзгеруіне және апатқа қарсы автоматиканың іске қосылуына әкеп соқты», – деді ведомство өкілдері.

Сонымен бірге Қырғызстан Энергетика министрлігі «бұл бастапқы іркілісті басқа мемлекеттердегі жекелеген энергия жүйелері мен энергия тораптарының сөнуінің тікелей себебі ретінде қарастыруға болмайтынын» атап өтті.

«Мұндай жағдайларда энергия жүйелері теңгерім қалпына келгенге дейін оқшауланған режимде, соның ішінде төмен жиілікте тұрақты жұмысты қамтамасыз етеді. Сондықтан Орталық Азияның басқа мемлекеттеріндегі энергия тораптарының сөнуі тиісті энергия жүйелерінде болған кейінгі процестерге бөлек талдау жасауды қажет етеді. Бірлескен техникалық тергеу аяқталғанға дейін апаттың барлық салдары үшін жауапкершілікті Қырғызстан энергия жүйесіне жүктеу орынсыз», – деп толықтырды Энергетика министрлігі.

Сондай-ақ технологиялық ақау себептерін арнайы комиссия тексеретіні хабарланды.

Орталық Азиядағы блэкаут

Алдын ала мәлімет бойынша, электр энергиясының жаппай өшуі төрт елге әсер еткен. Алматы мен облыста жарық өшкеннен кейін, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан тұрғындары да іркілістер туралы хабарлай бастады.

Өзбекстанда электр энергиясы ауқымды өшкеннен кейін БАҚ пен пабликтер бұл іркілісті Қазақстанның энергия жүйесіндегі апатпен байланыстыра бастады. Қазақстанның Энергетика министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Кейін KEGOC компаниясы блэкаут себебі Қырғызстан ГЭС-індегі мәселелер екенін хабарлады.

Алматыда не болды?

14 тамызда сағат 15:00 шамасында қаланың түрлі ауданында жарық өшіп қалды, көп ұзамай Алматы облысының тұрғындары да электр қуатындағы іркілістер туралы хабарлай бастады.

Энергетика министрлігі энергожүйеде «қуат күрт артқанын» – Орталық Азияның энергожүйесі тарапынан электр энергиясының ағыны күрт өзгергенін түсіндірді. Осыған байланысты апатқа қарсы автоматика іске қосылып, бірнеше өңірдегі тұтынушылардың бір бөлігі желіден уақытша ажыратылды.

Бұл жағдай Алматы үшін ауыр зардапқа әкелді. Бағдаршамдар сөніп, кептеліс болды. Полиция күшейтілген режимге көшіп, қиылыстарға реттеушілер шықты.

Әлеуметтік желі қолданушылары, әдеттегідей, болып жатқан жағдайды 14 тамыз кешке Алматыда жоспарланған танымал рэпер Канье Уэстің концертімен байланыстыра бастады. Tengrinews.kz тілшісі ең қызықты реакцияларды жинады