Жас келіннің білмей келгені әдемі - Жазира Байырбекова - kaz.caravan.kz
  • $ 464.02
  • 536.18
+37 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жас келіннің білмей келгені әдемі - Жазира Байырбекова

Жас келіннің білмей келгені әдемі - Жазира Байырбекова

Әнші Жазира Байырбекова келінімен қарым-қатынасы туралы айтты.

  • 17 Тамыз
  • 1
Фото: www.instagram.com/zhazira_bairbekova

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Өнер иесі “Таңшолпан” бағдарламасына берген сұхбатында жас келіннің білмегені оның кемшілігі емес, керісінше сүйкімділігі екенін айтты.

“Мен келінімнен өзімнің аңғал, жас, кейбір нәрселерді білмей тұратын сәттерімді есіме түсірем. Жас келін білмей тұратынымен сүйкімді. Ал бәрін біліп, өмірді көріп қойған сияқты болып өзіңе ақыл үйретіп тұрса, әдемі болмай қалады. Жас келін білмейтінімен әдемі. Оны біз үйреткенімізбен енеміз. Мен “былай істе” деп көп айьпаймын. Болмысыма, өткен өміріме қарап, жан-жақтан естіп, айналаға қарап, өзі тәрбие алып жатыр деп ойлаймын. Балаға, келінге де көп ақыл айта берудің қажеті жоқ. Қазір ақпарат көп, баланың да, келіннің де миы ашып кетеді. Мен керісінше ақыл сұраймын. “Мына жаққа мына киімді киір барсам қалай қарайсың” деймін. “Күйеуің қалай” деп құрбы сияқты сөйлеймін. Көңілді отбасы жасауға барымды салып жатырмын”, — дейді ол.

Сондай-ақ өнер иесі келінінің де отбасын сыйлап, олардың көңілін табуға тырысатынын айтты.

“Келінім де менің жақсылығымды түсініп, бізді құрметтеп, үйге сапардан келсек дастархан жасап, көңілімізге барынша қарауға тырысады, шүкір. Екі жақтың бір біріне деген сыйластығы”, — дейді Жазира Байырбекова.