”Баланың ең бірінші жауы туған анасы” - Айгүл Иманбаева - kaz.caravan.kz
  • $ 464.02
  • 536.18
+37 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Баланың ең бірінші жауы туған анасы” - Айгүл Иманбаева

”Баланың ең бірінші жауы туған анасы” - Айгүл Иманбаева

Әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева баланың бірінші жауы ана екенін қадап айтты.

  • 18 Тамыз
  • 7
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Баланың ең бірінші жауы ол — туған анасы. “Ойбай балам ауырып қалмады ма, көлік қағып кетпеді ме?! Үйтіп қалмады ма, бүйтіп қалмады ма” деген өзінің ойында жүретін 1040 жаман ойларын ойлай, ойлай баласы жайлы дәнек секілді, қияр-қызанақ секілді ойын жерге себеді. Ол күннің күнінде 5,10,20 жыл өткенде де ол себепкен тұқым өсіп жемісін береді. Балаға бірдеңе болған кезде ата-ана “мен білгенмін, сезгенмін” дейді. Жоқ, оны сіздің жүрегіңіз сезген жоқ. Ол ойды сізді 5-10 жыл бұрын септіңіз. Оның уақыты келді, жемісін берді”, — деді Иманбаева.

Сондай-ақ, әнші баланы қатты жақсы көрмеу керектігін де айтып өтті.

”Ішіңдегі жақсы көретңн баланың өзін орнымен, “Алланың аманаты ғой” деп қана жақсы көру керек. Қазақта “балам үшін Астанаға көштім, ауылдан Алматыға көштім. Балам үшін” деп өмір сүріп жатыр. “Балам үшін” деген ұғым қорқынышты нәрсе. Сіз өзіңіз үшін өмір сүріңіз, сіз бүтін болсаңыз, рухыңызбен бірге гармонияда өмір сүрсеңіз балаңыздың өмірі де, балаңыздың сізбен қарым-қатынасы да онсыз да гармонияда болады”, — деді Айгүл Иманбаева.