Қазақстанда киік саны 4 миллионға жуықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.02
  • 536.18
+37 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда киік саны 4 миллионға жуықтады

Қазақстанда киік саны 4 миллионға жуықтады

Оның 2,3 миллионы Орал өңірін, 1,6 миллионы Бетпақдаланы, 78 мыңы Үстіртті мекендейді.

  • 18 Тамыз
  • 1
Фото: Жасанды интеллект

Қазақстандағы киік популяциясы 4 миллионға жуықтады. Соңғы санақ нәтижесіне сәйкес, елімізде 3 миллион 978 мың киік бар. Оның 2,3 миллионы Орал өңірін, 1,6 миллионы Бетпақдаланы, 78 мыңы Үстіртті мекендейді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Сонымен қатар, Қазақстан даласында 16 122 қарақұйрық, 17 604 арқар, 4 702 құлан және 1 240 тоғай бұғысы бар. Жекдуадақтың да саны өсіп, 16 487-ге жеткен.

«Қазақстанда жабайы жануарларды тарихи мекеніне қайта жерсіндіру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл бағыттағы жобалар сирек кездесетін жануарлардың популяциясын қалпына келтіруге мүмкіндік береді», – деді жобалық кеңсе өкілдері.

Жануарларды тарихи мекеніне қайтару жұмысы аясында биыл құланның 66 басы жаңа аумақтарға көшірілді. Оның 42-сі «Іле-Балқаш» резерватына, 24-і «Алтын дала» резерватына жіберілді. Қостанай облысының оңтүстігіндегі «Алтын дала» резерваты аумағында 2017 жылы құрылған жерсіндіру орталығында қазір 14 Пржевальский жылқысы бар. 2029 жылдың соңына дейін Қазақстанға тағы 40 жылқы әкелу жоспарланған.

«Тұран жолбарысын тарихи мекеніне қайтару жобасы да жалғасып жатыр. Жоба аясында генетикалық тұрғыдан Тұран жолбарысына ең жақын Амур жолбарыстары таңдалды», – деп хабарлады мамандар.

Жолбарыстарға қажетті қорек базасын қалыптастыру үшін «Іле-Балқаш» резерватына құлан, қарақұйрық және қабан жіберілген. Тамыз айында «Үміт» атты алғашқы ұрғашы Амур жолбарысы табиғи ортаға шығарылды.

Қазір Қазақстанда омыртқалы жануарлардың 835 түрі мекендейді. Оның 132 түрі мен түр тармағы, сондай-ақ омыртқасыздардың 96 түрі Қызыл кітапқа енгізілген.