Ол қызының ұзатуында не себепті көз жасына ерік бергенін түсіндірді, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.
Естеріңізде болса, әнші жақында қызын ұзатқан еді. Ол желіде қызының ұзату тойынан фото-видео жүктеп, көз жасына ерік бергенін көрсеткен еді. Әнші оқырмандарына не себепті ән шығарып, ұзатуда жылағанын түсіндірді.
«Мына ән кеңінен тарап жатыр екен. Бұл көз жасым қызымның «ойбай, бақытсыз болып қалады-ау» дегеннен емес.
Әннің сөздері әр ананың жүрегіне жетеді екен…
Қыз баланың мұраты — өз отауын құрып, бақытты болу ғой. Тек кеше ғана кіп-кішкентай қызым еді… Қашан бой жетіп, өз алдына бір үйдің келіні болып кеткенін байқамай да қалыппын. Ана үшін баласының өскені — бір жағынан қуаныш, бір жағынан жүрекке ауыр сағыныш екен…», — деп жазды ол.
Айта кетейік, сондай-ақ өнер иесі тойда не себепті қыздарының әкесі Сәбит Әбдіхалықовтың бой көрсетпегенін де айтқан болатын.