”Діннің атын былғап”: Белгілі уағызшы теріс ағымдағылар туралы айтқан Айгүл Орынбектің сөзіне қарсы шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 464.02
  • 536.18
+37 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Діннің атын былғап”: Белгілі уағызшы теріс ағымдағылар туралы айтқан Айгүл Орынбектің сөзіне қарсы шықты

”Діннің атын былғап”: Белгілі уағызшы теріс ағымдағылар туралы айтқан Айгүл Орынбектің сөзіне қарсы шықты

Белгілі дін маманы Данияр Кенжеұлы теріс ағымдағылар туралы жазған заңгер Айгүл Орынбекті қатаң сынға алды.

  • 20 Тамыз
  • 1
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Ашуын түсінемін, тіпті қолдаймын”

Уағызшы алдымен Айгүл Орынбекті тіпті қолдайтынын да жазып өтті.

”Айгүл Орынбектің жазбасын оқыдым. Әйелге жасаған зұлымдыққа ашынған жеріне дауым жоқ. Ашуын түсінемін, тіпті қолдаймын. Әйелін қорлаған, ұрған, жанын жегідей жеп, өмірін тозаққа айналдырған қандай еркек болса да сақалы кіндігінен түсіп тұрса да, маңдайы сәждеден тесілсе де, жасаған қиянатына қарай заңның ең ауыр жазасын арқаласын. Зұлымның тақуалық кейпі оның қиянатын жеңілдетпейді, қайта екіжүзділігінің бояуын қалыңдатады. Бірақ заңгердің әйелді қорғап бастаған сөзі жол ортада әйелден көз жазып, сақал қуалап кетіпті”, — деп жазды уағызшы.

“Кінәлі еркек болса аямаңыз, ең ауыр жазасын талап етіңіз”

Сондай-ақ, Данияр Кенжеұлы марқұмнығ тағдырын діни ортаға қарсы айналдырмауды сұрады.

”Кінәлі еркек болса аямаңыз, ең ауыр жазасын талап етіңіз. Діннің атын былғап, әйелге қиянат жасаған “тақуа” болса шапанын да, сақалын да қалқан қылмаңыз. Бірақ бір адамның қылмысын дінге теліп, бір марқұмның тағдырын діни ортаға қарсы прокурорлық мінберге айналдырмаңыз. Әділет өзің жақсы көргенді ақтау да, жек көргеніңді айыптау да емес. Дінге деген өкпе ақылдың алдына түсіп кеткен жерде әйел құқығы да жай сылтауға айналып қалады. Сонда сіз зұлымдықпен күресіп жүрген жоқсыз. Зұлымдықтың қанын қаламыңызға малып, бұрыннан шығарғыңыз келіп жүрген үкімді жазып отырсыз”, — деді Данияр Кенжеұлы.