Динара Дауылқызы әйелдер күресінен U20 әлем чемпионатында қола жүлде үшін белдеседі - kaz.caravan.kz
  • $ 464.02
  • 536.18
+37 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Динара Дауылқызы әйелдер күресінен U20 әлем чемпионатында қола жүлде үшін белдеседі

Динара Дауылқызы әйелдер күресінен U20 әлем чемпионатында қола жүлде үшін белдеседі

Қазақстандық балуан Динара Дауылқызы Словакияның Братислава қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды.

  • 19 Тамыз
  • 1
Фото: Olympic.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Отандасымыз 53 келіге дейінгі салмақта жұбаныш белдесуінде сәтті өнер көрсетті.

Дауылқызы Қырғызстан өкілі Эльмира Карабалаеваны сенімді түрде жеңді. Енді қола медаль үшін өтетін белдесуде Динара Өзбекстан өкілі Сакибжамал Есбосыновамен кездеседі.

Айта кетейік, бір күн бұрын Қазыбек Қалмағамбетов грек-рим күресінен Қазақстан қоржынына алтын медаль салған болатын.