”4 млн Ұлдананың ата-анасына берілді”: Әділет Зейнел әкімшіліктен алған 20 млн туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 464.02
  • 536.18
+37 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”4 млн Ұлдананың ата-анасына берілді”: Әділет Зейнел әкімшіліктен алған 20 млн туралы

”4 млн Ұлдананың ата-анасына берілді”: Әділет Зейнел әкімшіліктен алған 20 млн туралы

Астана қаласында 23 жастағы фельдшер Ұлдана Мырзуанның қаза болуына қатысты іс бойынша екінші сот отырысында оның бұрынғы күйеуі Әділет Зейнел жауап берді.

  • 20 Тамыз
  • 1
Фото - Caravan.kz

Ол отбасының елорда әкімдігінен көмек ретінде алған 20 миллион теңгесі туралы айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Зейнелдің сөзінше, Ұлдананы жерлегеннен кейін туыстарын Астана қаласының әкімдігіне шақырған. Кездесуге қала әкімі, оның орынбасары және мәслихат депутаттары қатысқан.

«Ұлдананы жерлеген күні кешке бізді әкімдікке шақырды. Ол жерде Астана қаласының әкімі, оның орынбасары және мәслихат депутаттары болды. Сол кезде бізге қолма-қол 20 миллион теңге берді. Әкімдікке Ұлдананың сіңлісі екеуміз бірге бардық», – деді Әділет Зейнел.

Прокурор Саяжан Ардаққызы алынған қаражаттың қаншасы ас беру және басқа да еске алу шараларына жұмсалғанын сұрады.

«Нақты есімде жоқ, бірақ сол кезде жедел жәрдем қызметінің директоры келіп, бізге көмектесіп жүрді», – деп жауап берді Зейнел.

Сотта сондай-ақ 20 миллион теңгенің қанша бөлігі Ұлдананың ата-анасына берілгені де сұралды. Әділет Зейнелдің адвокаты бұл сұраққа қарсылық білдіргенімен, сот оны алып тастаған жоқ.

Марқұмның бұрынғы күйеуінің айтуынша, ақша алынғаннан кейін үш күн ішінде көлік несиесі өтелген. Оның сөзінше, Ұлдананың туыстары әкімдікке барғандары туралы білген.

«Біз 20 миллион теңге алдық, кейін үш күннің ішінде көліктің несиесін жаптық», – деді ол.

Бұған дейін Зейнел 9 миллион теңгенің көлік несиесін жабуға жұмсалғанын, ал 4 миллион теңгенің Ұлдананың ата-анасына берілгенін айтқан. Қалған қаражат, оның сөзінше, ас беру шараларына, қой сатып алуға және өзге де ұсақ шығындарға кеткен.

Еске салайық, бұған дейін марқұмның бұрынғы күйеуі ешкімді кінәлағысы келмейтінін және болған жағдайға қатысты бағалауды соттың құзырына қалдыратынын мәлімдеген.