"Алып кетсін, бәрін әкетсін": "Барни" үшін қаза болған марқұм Мадинаның қайын сіңлісі желіде шу шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.02
  • 536.18
+37 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Алып кетсін, бәрін әкетсін": "Барни" үшін қаза болған марқұм Мадинаның қайын сіңлісі желіде шу шығарды

"Алып кетсін, бәрін әкетсін": "Барни" үшін қаза болған марқұм Мадинаның қайын сіңлісі желіде шу шығарды

Танымал журналист Жан Ахмадиев Меркіде көз жұмған 19 жастағы Мадинаның анасымен бірге қайын жұртына барып, марқұмның киімдерін алғысы келген.

  • 20 Тамыз
  • 1
Фото: Instagram/abdulla_kzkz

Алайда марқұмның қайын сіңлісі желіде шу шығарған, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.

Алайда енесі марқұм Мадинаның киімдерін бермей қойған. «Қалың мал бергенбіз» деп қысқа қайырған. Олардың бұл әрекеті көпшіліктің ашуын тудырды.

Журналист Руслан Өтепбайға келген бір хатта марқұм Мадинаның аяғы ауыр кезінде перзентханада бірге жатқан әйелге жиі шағымданғаны айтылған.

«Сәлеметсіз бе, қалыңыз қалай? Мына барни үшін қайтыс болған қызбен былтыр наурыз айында гинекологияда бір палатада жатқан едік. Ол кезде енді жүкті болған кезі екен, қауіппен жатты. Екеуміз палатада қалғанда жылап, әңгімесін айтып беріп еді. Күйеуім не болса да ұра береді деп. Ата-енесі де жас екен, айтып еді, ұмытып қалдым. 82-84-тегілер ме, сондай.

Бұл қыздың әкесі жоқ екен. Бірақ «елдерге әкем бар деп айтамын, жұмысқа кетті деп айтамын бәріне» деп еді. «Әкем жоқ деп айтқым келмейді» деп. Құдай-ай, жүрегім ауырып, ұйқым қашты. Сол кезде жылап айтып еді: «Ұра береді» деп.

«Қайынсіңілім бар, ол да ортаға түсіп, қырылыстырып отырады» деп еді. Өзі еркелеп сөйлейді екен, кішкентай ғой енді, 17-де.

Енді міне, ақыры түбіне жетіпті ғой. Сол кезде «бір рет ұрғаннан кейін кетіп қал, қауіпке жеткенше ұрған адаммен тұрудың қажеті жоқ» деп едім. Одан кейін ол қызды көрмедім. Осыны инстадан көріп, шок болып жатырмын. Хиджаппен келген болатын палатаға. Кейін шешкен сияқты ғой. Алла алдынан жарылқасын», – делінген хатта.

Cондай-ақ желіде Жан Ахмадиевпен бірге марқұмдардың туысының видеосы тарады. Онда хатта айтылған қайын сіңліңсінің шу шығарып, «затты әкетіңдер» деген сөзін анық естуге болады.

Көпшілік олар туралы теріс пікірін әлі де жаудырып жатыр.