Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Отандық пабликтердің бірінде Айдарбекованың туған ағасынан айырылғаны туралы хабар тарады. Онда продюсердің сырқат ағасының жанында болғанын, сондай-ақ оны жұбатып жатқанын анық көруге болады.
Десе де, продюсердің өзінің парақшасында әзірге ондай хабар тарамаған. Желі қолданушыларының көпшілігі оның қатты сырқаттанып жатқан ағасының қайтыс болуы мүмкін екенін жарыса жазып жатыр.

Сондай-ақ, олар Айдарбекованың бауырының қиналып жатқан сәтін салғанына қарсылық білдірген. Олар: «Бауырың қиналып жатқанда осындай сәтті салғаның дұрыс па?!», «Қиналып жатқан адамды видеоға түсіргені несі?» деген пікірлерін жаудырып жатыр.