"Қатты жаңбыр мен дауыл болуы мүмкін": 27–29 тамызға арналған ауа райы болжамы - kaz.caravan.kz
  • $ 464.02
  • 536.18
+37 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қатты жаңбыр мен дауыл болуы мүмкін": 27–29 тамызға арналған ауа райы болжамы

"Қатты жаңбыр мен дауыл болуы мүмкін": 27–29 тамызға арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет синоптиктері алдағы үш күнге арналаған ауа райы болжамын жариялады.

  • 26 Тамыз
  • 2
Фото: Жасанды интеллект

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Синоптиктердің болжауынша солтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар еліміздің басым бөлігінде жаңбырлы ауа райын қалыптастырады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жекелеген аудандарда қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл болуы мүмкін.

«Еліміздің батысында Скандинавия антициклонының ықпалымен бұлт аз ауа райы орнайды. Антициклон шығыс бағытқа қарай жылжуына байланысты жауын-шашынсыз ауа райы қалыптасады.

Ауа температурасының күндіз айтарлықтай төмендеуі күтіледі: батыста +16…+24 °C, солтүстікте +12…+20 °C, орталықта +17…+25 °C дейін. Ал шығыста ауа температурасы +23…+30 °C дейін жоғарылайды.

Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысы жылы ауа массасының ықпалында қалады. Бұл өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, күндіз ауа температурасы +30…+37 °C аралығында болады», — делінген Қазгидромет мәлімдемесінде.