Президент Құрылтайдың бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.02
  • 536.18
+37 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент Құрылтайдың бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

Президент Құрылтайдың бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 26 тамызда бірінші сайланған Қазақстан Республикасы Құрылтайының алғашқы сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды.

  • 26 Тамыз
  • 2
Фото: Ақорда

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жарлықтың мәтіні Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабының 2-тармағына сәйкес бірінші сайланған Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы 2026 жылғы 28 тамызда сағат 11:00-де Астана қаласында шақырылсын», – делінген Президент қол қойған Жарлықта.

Құжатқа сәйкес, Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау 2026 жылғы 23 тамызда өтті. Сол күні БАҚ өкілдеріне арналған брифингте Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдың сайлануына үлкен үміт артатынын және жаңа заң шығарушы орган Қазақстанның дамуына тың серпін береді деп сенетінін айтты. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгеріс болатынын мәлімдеді.

25 тамызда Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын сайлаудың дауыс беру қорытындысын жариялады. Сайлау нәтижесінде бес пайыздық межеден бес партия өтті: «Әділет» – 71,17%, «Ауыл» – 6,26%, Respublica – 5,56%, ОСДП – 5,11%, «Ақ жол» – 5,21%.

Ал Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) 3,11%, «Байтақ» партиясы 1,07% дауыс жинап, қажетті бес пайыздық межеден өте алмады. «Барлығына қарсымын» нұсқасын сайлаушылардың 2,51%-ы таңдады.