"Қазір көтерілген жігіттердің бәрі - көпшіл болғандар": Нұрлан имам қазақтың бай кәсіпкерлері туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 464.02
  • 536.18
+37 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазір көтерілген жігіттердің бәрі - көпшіл болғандар": Нұрлан имам қазақтың бай кәсіпкерлері туралы

"Қазір көтерілген жігіттердің бәрі - көпшіл болғандар": Нұрлан имам қазақтың бай кәсіпкерлері туралы

Белгілі имам Нұрлан қажы Байжігітұлы көпшілікке мәлімдеме жасады.

  • 26 Тамыз
  • 3
Фото: Instagram/kyn.kz

Ол қазақтың бай кәсіпкерлерінің қалай көтерілгенін айтып берді, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.

Ол қазір көтерілген жігіттердің көпшілігі — бала күнде көпшіл болғандар екенін атап өтті.

«Кең болсаң, кетпейтін дәулет келеді. Байлықтың да, өсу-өнудің де, жақсылыққа жетудің де жолы біреу-ақ — ол кең пейіл болу. Кең пейіл болдың ба, құдай береді. Балаларыңызға кең пейілдікті үйретіңіздер.

Тамақ алып келді ме, бөлісіп ішетін болсын. Су әкеліп, нан берді ме, бөлісетін болсын. Қазіргі көтерілген балалардың көпшілігі — көпшіл болғандар.

Сондықтан, бару-келу, алу-беру, ат та, зат та қалдырады. Сонда ғана құдай дәулет береді. Тек қана менің балам өлмесін, қалғаны не болса, ол болсын десең, онда Құдай төмен тартады. Балаң үйленсін, қызым тұрмыс құрсын, балам байысын десең, көпке тіле.

Кең пейіл болған адамға құдай төккеннің үстіне төгеді. Құранда алақанды ашып-жауып тұру керек дейді, мүлдем ашып тастау емес, сол үшін алыс-беріс болу керек», — деді ол.