"Өте талантты келеді": Ресей жұлдызы Алсу қазақстандық әншілердің өнеріне жоғары баға берді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.02
  • 536.18
+37 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Өте талантты келеді": Ресей жұлдызы Алсу қазақстандық әншілердің өнеріне жоғары баға берді

"Өте талантты келеді": Ресей жұлдызы Алсу қазақстандық әншілердің өнеріне жоғары баға берді

Ресей эстрадасының жұлдызы Алсу қазақстандық әншілер туралы өз пікірін білдірді.

  • 26 Тамыз
  • 2
Фото: Instagram/alsou_a

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Әнші Әміре өзінің желідегі парақшасында ресейлік жұлдыз Алсудың пікірін салды.

«Мен сіздің өнеріңізге тәнтімін. Сіздің әндеріңізді үнемі тыңдап жүремін. «Особая» әніңізді ұнатамын, үнемі тыңдап жүремін. Сіздің жанкүйеріңізбін. Бүгінгі орындауыңызға келер болсақ, өзіңіз ән авторы болсаңыз, өте жоғары деңгейдегі орындау болды.

Жалпы қазақстандық әншілер не себепті өте талантты келеді екен? Өте тамаша орындау болды, дауысыңыз да ашық, әдемі. Сізге тек осы өнер жолыңызда табыс тілеймін», — деді ол.