Алғашқы болып қаза тапқан Ұлдана Мырзуанмен бірге оқиға орнына барған фельдшер Дильназ Байзакова сөз сөйледі. Оның айтуынша, бригада құтқарушылардан бұрын оқиға орнына жеткен, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.
Сотталушының адвокаты фельдшерлер ТЖД қызметкерлері келгенге дейін медициналық көмек көрсетуге тиіс пе екенін сұрады. Медицина қызметкері бұл сұраққа теріс жауап берді. Үйінді астына кіру туралы шешімді медицина қызметкерлері бірлесіп қабылдаған.
Куәгерден зардап шеккендердің қайсысына бірінші болып көмек көрсеткендерін айтып беру сұралды.
Нақты есімде жоқ. Екі адам болды. Біз бірден оларға көмектесуге шешім қабылдадық. Өйткені дүкенде адамдар: «Көмектесіңдер! Не қарап тұрсыңдар? Сендер оларға көмектесулерің керек қой», – деп айқайлады, – деді Дильназ Байзакова.
Медицина қызметкерлері зардап шеккендердің бірін көтеруге тырысқан кезде, олардың үстіне кірпіштер құлаған. Орнынан тұрған Дильназ Байзакова Ұлдана Мырзуанның жерде жатқанын көрген.
«Ауырғанымнан үстіме кірпіш құлағанын түсіндім. Орнымнан тұрдым да, Ұлданаға қарадым. Ол етпетінен жатыр екен. Сосын оны көтердім. Денесінде сау жер қалмағандай болды, құлағы мен мұрнынан қан атқылап жатты», — деп еске алды Дильназ Байзакова.
Айта кетейік, Астанада өткен жылы тұрғын-үйдің қасбеті құлап, қаза болған фельдшер Ұлдана Мырзуанның ісі қаралып жатыр.