Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл бастама ұлттық мұра мен заманауи технологияларды тоғыстырады. Жас әрі қарқынды дамып келе жатқан елорда үшін бұл дәстүрлердің жаңа буынға да қызықты екенін және заманауи цифрлық кеңістікте өз орнын таба алатынын көрсетудің бір мүмкіндігі.
Челлендж елорда тұрғындарының назарын қазақ тазысына аударуды мақсат етеді. Тазы — тек бірегей ит тұқымы ғана емес, тарихи жадымыздың, мәдениетіміздің және ұлттық болмысымыздың бір бөлігі.
— Бүгінде қазақ тазысы ұлттық тұқымдар арасында айрықша орын алып, Қазақстанның мәдени және тарихи мұрасын әлемдік деңгейде танытып жүр. Халықаралық іс-шараларға қатысу тазыны кеңінен насихаттауға, оның танымалдығын арттыруға және әлемдегі мәртебесін нығайтуға ықпал етеді, — деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, А. Мамбетова атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының актрисасы Гүлмира Жакилина.
Челленджге кез келген адам қатыса алады. Ол үшін шығармашылық жұмысын орындап, әлеуметтік желіде жариялау қажет.