"Неге жармассақ, Құдай сонымен сынайды": Құралай ханым жұлдыздар тарапынан буллинг болғанын еске салды - kaz.caravan.kz
  • $ 455.4
  • 526.99
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Неге жармассақ, Құдай сонымен сынайды": Құралай ханым жұлдыздар тарапынан буллинг болғанын еске салды

"Неге жармассақ, Құдай сонымен сынайды": Құралай ханым жұлдыздар тарапынан буллинг болғанын еске салды

Танымал психолог, коуч Құралай ханым өмірінде болған буллинг пен жеке өміріндегі, қаржылық тұрғыдағы қиын сәттерді еске алды.

  • 3 Қыркүйек
  • 1
Фото: Instagram/ Фото профиля janar_baisemiz janar_baisemiz

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Коуч Құралай ханым тележурналист Жанар Байсемізге сұхбат берген.

«Неге жармасамыз, Құдай сонымен сынайды. Мен күйеуге шыққанда, күйеуге жабысқанмын. Әкем қайтып кеткен соң, менің күйеуім өліп қалады деген қорқыныш болды. Оны қанша терапиядан өткен соң, түсініп жатырмыз.

Күйеуіме жармасқанмын, ол менен қашқан. Өзімді тұлға ретінде қалыптасып, күйеусіз, яғни ол бар болсын, жоқ болсын, бақытты болуды үйренген кезде, ақшаға жармастым. Ақшам болса, менде бәрі болады дедім.

Сол жерде де түрлі сынақтар болды, әр түрлі. Сол кезде де психологтардан кеңесе жүріп, ақшаға жармаспауды үйрендім. Өзімнен дүние деген нәрсені алып тастадым. Балаға жармассаң, баламен сынайды.

Мықты достарға, жұлдыздарға жармастым, сол кезде де өтке қатты сынақ болды, буллинг болды. Тіпті сол саналы өмірімнің 20 жылын қарасам, не нәрсеге жармастым, сол нәрседен маған сондай сынақ келген екен», — деді ол.