Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: еліміздің өңірлерінде білім беру және теміржол инфрақұрылымының жаңа нысандары ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 456.56
  • 530.52
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: еліміздің өңірлерінде білім беру және теміржол инфрақұрылымының жаңа нысандары ашылды

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: еліміздің өңірлерінде білім беру және теміржол инфрақұрылымының жаңа нысандары ашылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында еліміздің өңірлерінде көлік желісін жаңғырту, жаңа оқушы орындарын ашу және мектепке дейінгі білім беруге қолжетімділікті арттыру бойынша жүйелі жұмыс жалғасып келеді. Өткен аптада көлік және білім беру бойынша пайдалануға берілген нысандар:

  • 7 Қыркүйек
  • 2
primeminister.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы primeminister.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Теміржол инфрақұрылымы

Абай облысында теміржол инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы аясында Шар, Үшбиік, Жарма және Жалаңашкөл стансаларындағы жаңартылған төрт теміржол вокзалы пайдалануға берілді. Нысандар күрделі реконструкциядан өтті. Тозығы жеткен құрылыстар бұзылып, қосымша қабаттар салынды. Бұл кешендердің аумағын кеңейтуге жаңа перрондар мен платформалар салуға, сондай-ақ күту залдарын қайта жабдықтап, қозғалыс мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін кедергісіз орта құруға мүмкіндік берді.

Ақтөбе облысында 1905 жылы салынған Жем теміржол вокзалы реконструкциядан кейін қайта ашылды. Кешеннің жалпы аумағы 387,5 шаршы метрден 421,2 шаршы метрге дейін ұлғайтылды. Шатыры мен қасбеті жаңартылып, ішкі бөлмелері қайта жабдықталды, инженерлік желілері жаңғыртылды. Перрон реконструкцияланып, іргелес аумақ абаттандырылды. Күту залдары жаңа жиһаздармен және заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілді.

Білім беру

Ақтөбе облысында оқу жылының басталуына орай жеті жаңа мектеп ашылды: Ақтөбе қаласында – үш, Темір ауданында – екі, Мұғалжар және Мәртөк аудандарында бір-бірден. Ғимараттар пәндік кабинеттер, спорт залдары, цифрлық жабдықтар және қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталған. Жалпы өңірдің 449 мектебінде оқу жылын 194 мыңнан астам бала бастады, оның ішінде 20 мыңнан астамы – бірінші сынып оқушылары.

Алматы облысында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 4,2 мың орынға арналған бес жаңа мектеп ашылды, тағы 10 нысан күрделі жөндеуден кейін пайдалануға берілді. Білім беру ұйымдары STEM зертханалары, робототехника кабинеттері, спорт залдары және қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталып, кедергісіз орта қалыптастырылды.

Түркістан облысында тоғыз жаңа мектеп пен қосымша ғимарат пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, өңірде күрделі жөндеуді қажет ететін 115 мектепті жаңарту және жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Түркістан облысында 50 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барды.

Ұлытау облысының Мыңадыр ауылында Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражаты есебінен (заңсыз иемденілген активтерді қайтару есебінен) 80 орындық жаңа мектеп ашылды. Ғимаратта 18 сынып, робототехника кабинеті, спорт залы, сондай-ақ футбол және баскетбол алаңдары бар.

Алматыда 120 және 160 орындық екі жаңа балабақша ашылды. Ондағы топтардың әрқайсысы интерактивті тақталар және мобилді цифрлық құрылғылармен жабдықталған. Ғимараттарда спорт және музыка залдары, қазақ тілі кабинеттері, психолог кабинеті және шығармашылықпен айналысуға арналған кеңістіктер қарастырылған.